
Алматы, Шымкент және Астана тұрғындарын алдағы үш күнде найзағай, нөсер және қатты жел күтіп тұр. Метеорологтардың мәліметінше, ең қауіпті күндер 19-21 мамыр аралығы, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
19 мамырда Астанада айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Күндіз жел 10 м/с дейін көтерілуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +22+24°С. 20 мамырда күндізгі екінші жартыда жаңбыр, найзағай, бұршақ. Желдің екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +25+27°С. 21 мамырда түнде және таңертең жаңбыр, желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С.
Шымкентте 19 мамырда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +22+24°С. 20 мамырда жауын-шашынсыз, күндіз желдің екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С. 21 мамырда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.
Алматыда 19 мамырда айнымалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +26+28°С. 20 мамырда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел 20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С. 21 мамырда кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел 20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С.
Дереккөз: Zakon.kz