Алматыдан Астанаға бет алған ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кері қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Авиакомпания өкілдерінің түсіндіруінше, Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты бүгін Алматы – Астана бағыты бойынша КС 641 рейсін орындаған ұшақ Алматыға қайта оралған.
Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 2 шілдеге дауылды ескерту жарияланған.
Атап айтқанда, Қарағандыда синоптиктер күндіз жаңбыр, найзағай, екпінді жел, оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болатынын болжаған.
Астанада – күндіз жаңбыр, найзағай, оңтүстік, оңтүстік-шығыс жел, екпіні 15-20 м/с.
Дереккөз: Zakon.kz