...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Air Astana ұшағы үш сағат әуеде қалып, Алматыға қайта оралды

Air Astana әуекомпаниясының Алматы-Астана бағытындағы рейсі бірнеше рет қонуға әрекеттенгеннен кейін ұшып шыққан әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Себеп — күрделі ауа райы жағдайлары, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, KC641 рейсін орындаған ұшақ алдымен Астанада, содан кейін Қарағандыда қонуға тырысқан, алайда ауа райы жағдайлары рейсті қауіпсіз аяқтауға мүмкіндік бермеген. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ үш сағаттан астам уақыт әуеде болып, содан кейін Алматыға қайта оралған.

«Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты бүгін Алматы-Астана бағытындағы KC641 рейсін орындаған ұшақ Алматыға қайта оралып, қазір Астанаға ұшып шығады», — делінген хабарламада.

Дереккөз: Nur.kz