...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы түнгі клубта жалаңаштанып, жанжал шығарған рэпер жазаланды

Медеу ауданы полиция басқармасының қызметкерлері өзін әншімін деп таныстырған азаматтың түнгі клубта әдепсіз мінез танытып, былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Орындаушы болған оқиғаны бейнеге түсіріп, кейін оны әлеуметтік желілерге таратқан.

Бейнежазбаны @almaty_police_department парақшасы жариялаған. Ал бұған дейін бұл ролик kris__p__almaty паблигінде таралған еді.

Сонымен қатар, америкалық рэп-орындаушы Канье Уэсттің Үндістан астанасы Нью-Делиде өтуі тиіс концерті қауіпсіздік себептерімен тоқтатылды.

Дереккөз: Zakon.kz