...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Доллар қымбаттады: Қазақстандағы валюта бағамы 470 теңгеге жетті

Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды 470 теңгеден сатып жатыр. 19 мамырдағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 472.09 теңге болды, бұл 4.4-ке өскен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Ұлттық банктің 19 мамырдағы ресми доллар бағамы 467.58 теңге деңгейінде тіркелген.

kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 467 теңге, ал сату бағамы 470 теңгені құрайды.

Дереккөз: Almaty.tv