
Алматыдағы Терренкур демалыс аймағындағы көлде жүзбелі гүл композициялары пайда болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматыда су айдынына сәндік жүзбелі гүлзарларды орналастыру басталды. Ашық түсті композициялар су бетін безендіріп, мегаполистің танымал серуен аймақтарының бірінің абаттандырылған кеңістігін толықтырады.
Eco Almaty компаниясының хабарлауынша, абаттандырудың жаңа элементі қаланы көгалдандыру бағдарламасы аясында орнатылған.
Жүзбелі гүлзарлар аумақтың ландшафтық безендірілуінің жаңа элементіне айналып, қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына қосымша мүмкіндіктер жасайды. Мұндай шешімдер қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық тартымдылығын арттыруға, қалалық ортаны дамытуға және қала тұрғындарының демалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Фото: Kazinform
Дереккөз: Inform.kz