...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Төле би көшесіндегі асхана ғимараты бұзылды

Алматыда Төле би көшесінде орналасқан асхана ғимараты бұзылды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, нысан заңсыз салынған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Төле би көшесі, 293/1 мекенжайында орналасқан заңсыз құрылыс анықталған. Ғимарат жалпы пайдалану аймағында салынып, онда қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет көрсетілген.

«Заңбұзушылық анықталғаннан кейін басқарма инспекторлары меншік иесіне нысанды заң талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді», — делінген әкімдік хабарламасында.

Нәтижесінде меншік иесі заңсыз салынған нысанды өз еркімен бұзған.

Дереккөз: Nur.kz