
Бостандық ауданында 26 мамыр күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін су беру уақытша шектеледі. Бұл – су құбырларын жоспарлы жөндеуге байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеу әл-Фараби даңғылы, Жароков және Левитан көшелері мен Үлкен Алматы өзені аралығындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды қамтиды. Сондай-ақ Қазақфильм, Нұр-Алатау, Бағанашыл-1 және Бағанашыл-2 шағын аудандары да сусыз қалады.
Коммуналдық қызмет өкілдері жоспарлы жөндеу жұмыстары ауданды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін жүргізілетінін атап өтті. Тұрғындарға суды алдын ала жинап, уақытша қолайсыздықты түсіністікпен қабылдау ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz