...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы халықаралық конференция: ғылым мен бизнестің басын қосу

Алматыда өткен бесінші халықаралық конференцияда ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізу мәселелері талқыланды. Жиын ғалымдарды, мемлекеттік орган өкілдерін және кәсіпкерлерді біріктірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қатысушылар медицина, биотехнология, энергетика және цифрлық технологиялар саласындағы практикалық қолданысқа бағытталған жобаларды ұсынды. Конференция аясында пленарлық сессиялар, презентациялар және ғылыми жетістіктер көрмесі өтті.

Ғылымды тек ғылым ретінде емес, тұтас инновациялық жүйенің бөлігі ретінде қарастыру керек. Біздің және мемлекеттің алдында ғылыми жүйені толық қайта қарау, идеядан нәтижені коммерцияландыруға дейінгі толық инновациялық цикл құру міндеті тұр, — деді ҚР ҰҒА жас ғалымдар кеңесі төралқасының мүшесі Әмірхан Темірбаев.

Конференцияның негізгі мақсаты — ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру мен өндіріске енгізудің негізгі мәселелерін талқылау. Сарапшылар осы саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын, халықаралық тәжірибені пайдалану және технологиялық трансфертті дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Форсайт-сессияда нарыққа шығуға дайын жобалар ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, жаңа серіктестіктер әзірлемелерді енгізуді жеделдетіп, ғылымның ел экономикасына қосқан үлесін арттырады деп күтеді.

Дереккөз: Almaty.tv