...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы ауа сынағы: бензол мен азот диоксиді нормадан асып кетті

Наурызбай ауданында ауа сапасына жүргізілген тексеру бірқатар көрсеткіштердің шамадан тыс асқанын анықтады. Тұрғындар ауаның нашарлауы, өткір иістер және тұрмыс жағдайына теріс әсері туралы шағымданған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көптеген шағымдардан кейін «Eco Almaty» ЖШС мамандары атмосфералық ауа сапасына тексеру жүргізді. 13 мамырда экология департаменті, әкімдік және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен зерттеу қорытындысы бойынша бензол концентрациясы 5,749 мг/м³ (норма 0,3 мг/м³), ал өлшенген заттар (шаң) 36,949 мг/м³ (норма 0,5 мг/м³) болған.

Сарапшылар көміртегі тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), күйе, қорғасын, өлшенген заттар, формальдегид, күкіртсутек, бензол және көмірсутектердің құрамын анықтады. Жиналған материалдар шара қолдану үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Дереккөз: Inform.kz