Алматы тауында 3200 метр биіктікте төрт жасөспірім өздігінен түсе алмай, құтқарушыларға жүгінген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Комби-2 ауданында болған. Құтқару қызметінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, жасөспірімдерді Медеу шатқалына дейін аман-есен алып шыққан. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ ескертеді: тауға сапарға шықпас бұрын міндетті түрде өз күшіңізді бағалаңыз, маршрутты зерттеңіз, ауа райы болжамын бақылаңыз, қажетті жабдықсыз жолға шықпаңыз және жақындарыңызға жоспарларыңыз туралы хабарлаңыз. Өзіңізді қорғаңыз!
Дереккөз: Nur.kz