Алматының Медеу ауданында салынып жатқан ғимаратта өрт шығып, өрт сөндірушілер оны толық ауыздықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Зеленстрой» бағбандық серіктестігінің аумағында екі қабатты салынып жатқан ғимарат өртенді. Ашық жалын ғимараттың екінші қабаты мен шатырын қамтыған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өртті сөндіру және оның одан әрі таралуын болдырмау жұмыстары дереу ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Өрт 150 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері өртті сөндіру және оның одан әрі таралуын болдырмау жұмыстарын дереу ұйымдастырды. Өрт 150 шаршы метр аумақта толық сөндірілді», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
