...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Астанада түнгі аяз -5°С-қа жетеді: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай

Астанада 8 қарашаға қараған түні ауа температурасы -5°С-қа дейін төмендеп, аяз болады, ал Алматы мен Шымкентте күн жылы болып, термометр +26°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға +27°С-қа дейін жылу қайтатынын мәлімдеген еді. 2026 жылғы 7, 8 және 9 қарашаға арналған болжам төмендегідей.

Астана:

7 қараша: айнымалы бұлтты, түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +7…+9°С.

8 қараша: айнымалы бұлтты, күн соңында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +7…+9°С.

9 қараша: айнымалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +9…+11°С.

Алматы:

7 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +16…+18°С.

8 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +18…+20°С.

9 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +20…+22°С.

Шымкент:

7 қараша: айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +21…+23°С.

8 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +24…+26°С.

9 қараша: айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +18…+20°С.