Алматыда Саина көшесін БАКАД-қа дейін жалғастыру жұмыстарына байланысты Центральная көшесінің бір бөлігі қайта жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін аталған көшенің осы тұсы 29 қазаннан 3 қарашаға дейін бес түн бойы — сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін жабылған болатын.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері қойылатыны хабарланды.
Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Сондай-ақ Алматыда қаланың Абай және Райымбек сияқты екі ірі даңғылын жалғайтын Брусиловский көшесінің бір бөлігі де жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылған еді.
