...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда зиянды шығындысы бар 600 автобус жолдан алынды

Алматыда қоғамдық көліктің экологиялық тексеруі жалғасуда. Сараптама қорытындысы бойынша 600-ге жуық автобус зиянды шығындылар деңгейі бойынша талаптарға сай келмеді. Автобустар уақытша жұмыстан шеттетіліп, тасымалдаушылар жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Маршруттардан зиянды шығындылардың рұқсат етілген деңгейінен асып кеткені үшін экологиялық бақылаудан өтпеген автобустар алынып жатыр. Бірқатар жағдайда мамандар катализаторсыз пайдаланылған көлік құралдарын анықтады. Мамандардың мәліметінше, қалада жеке тасымалдаушылардың көлігін қоса алғанда, 2,5 мыңнан астам автобус тіркелген. Бүгінгі күнге дейін жылжымалы құрамның шамамен жартысы тексеруден өтті. 600-ге жуық автобустан бұзушылықтар анықталды.

Әрбір жағдай бойынша материалдар экология департаментіне жіберіліп, онда қайта тексеру жүргізіледі. Бұзушылықтар расталғаннан кейін тасымалдаушыларға айыппұл салынып, автобустарға анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін маршрутқа шығуға тыйым салынады.

Жылжымалы экологиялық зертхананың жетекшісі Әсел Раимбекованың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Автобус парктері дизельді және газды автобустарды экологиялық таза көлікке ауыстырып, жылжымалы құрамды жаңартуды жалғастыруда.

Экологиялық талаптарға сай келмейтін автобустар уақытша пайдаланудан шеттетіліп, тасымалдаушыларға бұзушылықтарды жою үшін уақыт беріледі.

Дереккөз: Inalmaty.kz