Алматыда жасырын патруль екі жүргізушіні анықтап, оларды жауапқа тартты. Олар Әл-Фараби даңғылында қауіпті маневр жасаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Өткен түні Алматы әкімшілік полициясының іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері қызметтік көлікте, айырым белгілерінсіз, кезекті заңбұзушыларды анықтады. Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин даңғылының қиылысында полицейлердің назарын BMW және Toyota көліктері аударды. Полиция мәліметінше, олар «қауіпті маневр жасап, ретсіз қайта қозғалып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына нақты қауіп төндірген».
«Жүргізушілер жіберген бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына жіберілді», — делінген хабарламада.
Полицияда жасырын патрульдеу қауіпсіздік талаптарын әдейі елемейтін және апаттық жағдайларды тудыратын жүргізушілерді анықтау үшін қолданылатынын еске салды.
«Бұл әдіс енгізілген сәттен бастап агрессивті жүргізудің 500-ден астам фактісі жолын кесілді, ал айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген заңбұзушылар жауапқа тартылды», — деп қосты ДП.
Дереккөз: Nur.kz