Алматы тауындағы Құмбел шыңына шығу кезінде қараңғы түсіп, екі турист әйел маршруттан адасып кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, көмекке «БАУ» ҚҚП құтқару қызметінің тобы шыққан. Бақытымызға орай, мамандар қыздарды жедел тауып, олардың жағдайын тексеріп, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екеніне көз жеткізген.
Құтқарушылар қауіпсіз түсуді ұйымдастырып, туристерді эко-бекетке жеткізген. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған және одан әрі маршрутты өз бетінше жалғастырған.
ТЖМ ескертеді: тауға сапарға шықпас бұрын маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайы мен қайту уақытын ескеру маңызды. Тауға жалғыз және қараңғы уақытта шығу ұсынылмайды, — деді құтқарушылар туристерге.
Дереккөз: Nur.kz