...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда жыл басынан 414 жүргізуші рөлге қайта отырды

Алматыда биылғы жылдың басынан бері сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған 414 адам рөлге қайта отырған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған. Аталған жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін сот тәртібімен көлік басқару құқығынан айырылған болатын.

Құқықтан айыруға негіз болған себептердің қатарында мас күйінде немесе есірткі әсерімен көлік жүргізу, қарсы жолаққа шығу және айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де өрескел бұзушылықтар бар.

«Жыл басынан бері олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған болса да, қайтадан рөлге отырды. Құқықтан айыруға негіз болған себептердің қатарында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізу, қарсы жолаққа шығу және айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де өрескел бұзушылықтар бар», — делінген хабарламада.

Полицияда бұл қадамдардың салдарсыз қалмағанын атап өтті: бұзушылар қайтадан жауапкершілікке тартылды.

«Полиция ескертеді: жүргізушілік құқықтан айыру — бұл формальдылық емес. Сот шешіміне қайшы көлік басқару заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады», — деп қосты ведомствода.