Алматы әуежайы ішкі рейстер терминалы Т1 мен халықаралық терминал Т2 арасындағы өткелдің уақытша жабылатынын хабарлап, транзит жолаушыларды ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 21 қарашада сағат 10:00-ден бастап Т1 және Т2 терминалдары арасындағы өткел уақытша жабылады.
«Жұмыс жүргізілген кезеңде терминалдар арасындағы өткел тек көше арқылы ғана мүмкін болады», — деп хабарлады әуежайдан.
Ішкі және халықаралық рейстер арасында транзитпен ұшатын жолаушылардан бұл өзгерісті маршрутты жоспарлау кезінде ескеріп, терминалдар арасында жүріп өтуге қосымша уақыт қалдыруды сұрады.
