Алматы тұрғындары денсаулық сақтау басқармасының басшысына тікелей сұрақ қойып, ұсыныс білдіре алады немесе емдеу жүйесіндегі мәселелерді жеткізе алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары үшін жеке қабылдау ұйымдастырылған. Онда азаматтар денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, тиісті құрылым өкілінен жауап ала алады.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысына қатысты ұсыныстарын да жеткізе алады.
