Алматыда тау жыныстарының құлау қаупіне байланысты көлік қозғалысы бір айға шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шектеу жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тас құлауының алдын алу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Аталған учаскеде жартас топырағының опырылуы және диаметрі 2,5 метрге дейінгі ірі тастардың құлауы тіркелген. Бұл жүргізушілерге, тұрғындарға және жақын маңдағы инженерлік коммуникацияларға қауіп төндіреді.
Жұмыстарды ұйымдастыру кезінде тұрғындар мен жүргізушілер үшін қолайсыздықты барынша азайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Мүмкіндігінше жұмыстар демалыс күндері жол қозғалысына қосымша жүктеме түсірмейтіндей етіп жоспарланады.
Жолды уақытша жабу қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін қажет.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Сонымен қатар Алматыда 2026 жылғы 13 қарашадан бастап жаңа метро станциясының құрылысы кезеңінде Алатау даңғылы бойынша – Абай даңғылынан Улугбек көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
