...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жігіт лифтте қызды ұрып, бетінен тепкіледі: іс қозғалды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің лифтінде ер адамның қызға шабуыл жасаған видеосы тарады. Кадрларда жігіт алдымен лифт түймесін теуіп, наразылық білдіреді, содан кейін қызға қол көтереді. Лифт ішінде ол агрессиясын жалғастырып, бір сәтте қыздың бетіне басымен соққы береді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Видеоны Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa) жариялады. Алматы қалалық Полиция департаменті 2026 жылғы 28 сәуірде Алатау ауданы Полиция басқармасына қарасты бөлімнің дереу шара қолданғанын хабарлады.

Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген ДП хабарламасында.

24 сәуірде Алматыда ер адам аялдамада егде әйелді себепсіз ұрып-соққан еді. Кейін анықталғандай, күдікті — бұрын адам өлтіргені және ауыр дене жарақатын келтіргені үшін сотталған 25 жастағы қала тұрғыны.

Дереккөз: Zakon.kz