...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Пәтер сатып алу: Алматы ма, әлде Астана ма? Сарапшы жауап берді

Алматы мен Астанадағы баспана бағасы бір-біріне жақындады. Сарапшының айтуынша, пәтерді қайта сату үшін сатып алғыңыз келсе, астананы таңдаған жөн, ал тұру үшін Алматы қолайлы, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Баспа бағасы өсіп келеді. Наурыз қорытындысы бойынша бір жылда бастапқы нарықта пәтер бағасы 16,6%-ға, ал қайталама нарықта 11%-ға қымбаттады.

Қазір ең қымбат тұрғын үй Алматы мен Астанада сатылуда. Qazaq Expert Club сарапшысы Діләрә Сейітнұрованың айтуынша, бұл қалалардағы баға айырмашылығы ең төменгі деңгейге жеткен.

«Алматыда бастапқы тұрғын үйдің орташа бағасы – шаршы метріне 719,6 мың теңге, қайталама нарықта – 741 мың теңге. Астанада бұл көрсеткіштер тиісінше 715,4 мың және 727,5 мың теңге. Екі ірі нарық арасындағы айырма 2%-дан аз», – деді сарапшы.

Бірнеше жыл бұрын астаналық нарық Алматыдан 30-40%-ға арзан болатын. Бірақ бұл айырмашылық енді жоқ, сондықтан «қайда арзан?» деген сұраққа жауап беру қиын.

Алматыда бір бөлмелі пәтерді жалдау орталықта шамамен 365 мың теңге, шетінде 238 мың теңге. Табыстылық жылына 5-7%, өтелу мерзімі – 13-15 жыл. Астанада бір бөлмелі пәтерді жалдау орталықта 259 мың теңге, шетінде 173 мың теңге. Табыстылық 7-9%, өтелу мерзімі – 10-12 жыл.

Сарапшының пікірінше, егер мақсат – тұру және капиталды сақтау болса, Алматы нарығы тұрақтырақ: мұнда жалға алушылардың төлем қабілеті жоғары және бос тұру қаупі төмен. Ал пәтерді қымбатқа сату үшін сатып алғыңыз келсе, Астананы таңдаған жөн, өйткені баға мұнда тез өсуде.

Дереккөз: Nur.kz