...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі бір тәулікке жабылады

Алматыда орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Жетісу көшесінің бір учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеу 9 маусым сағат 7:00-ден 10 маусым сағат 7:00-ге дейін күшінде болады. Осы кезеңде Мақатаев көшесінен №49 үйге дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жұмыс жүргізілетін орынға ескерту жол белгілері, сондай-ақ жауапты мердігердің байланыс ақпараты бар стендтер орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

Дереккөз: Inalmaty.kz