...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жазғы кафе заңсыз салынып, бұзылды

Алматыда жоспардан тыс тексеру барысында тағы бір заңсыз салынған нысан анықталып, кейін бұзылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Поддубный көшесі, 119 мекенжайында орналасқан нысан бұзылған.

«Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі рұқсат құжаттарынсыз өз бетімен қосалқы құрылыс салып, оны жазғы кафе ретінде пайдаланғаны анықталды. Кейін меншік иесіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, құрылысты бөлшектеу талап етілді», — деп түсіндірді басқармада.

Бүгінгі күні нысан меншік иесімен ерікті түрде бөлшектеліп, нұсқама талаптары орындалды.

Дереккөз: Nur.kz