...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Өрт сөндірушілерге кедергі: Алматы аулаларында қолдан жасалған қоршаулар жаппай жойылуда

Алматыдағы құтқару қызметтері аулаларда рейдтер жүргізіп, өрт сөндіру көліктері мен жедел жәрдемнің өтуіне кедергі келтіретін бетон конструкцияларды алып тастауда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ге сілтеме жасап.

Алматы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Еркін жол жүру» акциясы аясында құтқарушылар полиция және қала прокуратурасымен бірлесіп, өрт және құтқару техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

«Жұмыс барысында аула аумақтарында жүріп өтуді шектейтін заңсыз орнатылған бетон және басқа да конструкциялар анықталып, бөлшектелуде», — делінген ТЖД хабарламасында.

Тұрғындар мен автокөлік иелеріне тұрақ ережелерін сақтау және еркін жүріп өтуді қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы түсіндірме әңгімелер жүргізілуде.

«Шақыру орнына арнайы техниканың өтуі мүмкін болмаған жағдайда, қозғалысқа кедергі келтіретін көлік құралдары полиция қызметкерлерімен эвакуациялануы мүмкін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл санкциялары қолданылады. Түсіністікпен қарауды сұраймыз: арнайы техниканың еркін жүруі — бұл қауіпсіздік және өмірді сақтау мәселесі», — деп еске салды ТЖД.

Дереккөз: Nur.kz