...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүк көлігімен соқтығысқан екі адам ауруханаға түсті

Алматыда Харьков және Лермонтов көшелерінің қиылысында Mercedes пен Kia Bongo жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Mercedes Лермонтов көшесімен келе жатып, қиылысқа шығарда белгіні елемей, Харьков көшесімен келе жатқан Kia Bongo жүк көлігіне жол бермеген. Соққыдан кейін жүк көлігі бүйіріне аударылып, жеңіл көлікті шалып қалған. Mercedes соқтығыстан жолдың жүру бөлігінен тыс лақтырылып, жеке үйдің қоршауының жанындағы үйіндіге шығып кеткен.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де жарақат алып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін жол полициясы қызметкерлері анықтап жатыр.

Дереккөз: Zakon.kz