...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жаңбырлы демалыс күндері күтіледі

Алматыда алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

4 шілдеде ауа райы айнымалы бұлтты болады. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және екпінді жел болуы мүмкін. Жел батыстан соғады, жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18 градус, күндіз +24…+26 градус болады.

5 шілдеде түнде қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел шығысқа ауысып, жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 13 м/с-қа жетеді. Түнде +17…+19 градус, күндіз ауа +28…+30 градусқа дейін жылиды.

6 шілдеде жауын-шашын күтілмейді. Ауа райы айнымалы бұлтты, жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +30…+32 градус болады.

Дереккөз: Inalmaty.kz