...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жүргізушілер экологиялық норманы қай аудандарда жиі бұзады

Алматы әкімдігі мегаполистегі экологиялық бекеттерде жыл басынан бері 13 мыңнан астам шығарынды нормасының асып кету жағдайы анықталғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі «Ренессанс плюс» ЖШС-не сілтеме жасап, 2026 жылдың басынан бері Алматыдағы 19 стационарлық экологиялық бекетте көлік құралдарының шығарынды газдарына 116 мыңнан астам өлшеу жүргізілгенін мәлімдеді.

«Мониторинг қорытындысы бойынша уыттылық пен түтінділіктің белгіленген нормативтерінен асып кетудің 13 076 жағдайы анықталды. Ең көп бұзушылық Алатау және Наурызбай аудандарында тіркелді», — делінген хабарламада.

Шығарындылар мониторингі көлік құралдарына техникалық байқаудан өткізу кезінде талаптардың сақталуын бақылау ретінде тұрақты негізде жүргізілетіні атап өтілді.

«Жүргізіліп жатқан жұмыс шығарынды нормативтерінен асып кететін көлік құралдарын анықтауға, атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендетуге және атмосфералық ауаны қорғау іс-шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған», — деп хабарлады әкімдік.

Дереккөз: Nur.kz