Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 қазанда жаңбыр суынан кейін арықтарды тазарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, су жиналатын аймақтарға ерекше көңіл бөлінеді. Тазарту жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін Алматыда жаңбыр мен LRT құрылысының салдарынан асфальт құлағаны хабарланған. Кейін оңтүстік астананың бір ауданында жауын-шашыннан кейін көл пайда болғаны белгілі болды.
Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)
