...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда пәтерден төрт әйел полицияға жеткізілді

Алматыда полицейлер тексеру кезінде төрт әйелді ұстап, оларды Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, «102» пультіне шақырту түсіп, орынға «Буран-220» экипажы аттанған. Жалдамалы пәтерге келген тәртіп сақшылары 20 мен 35 жас аралығындағы төрт әйелді тапқан.

«Алдын ала анықталғаны: әрқайсысы өз рөлін атқарған — біреуі әкімшілікпен айналысса, екіншісі өтінімдерді қабылдаған, тағы екеуі, болжам бойынша, интимдік қызмет көрсеткен. Барлық әйел Алматыға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген», — деп хабарлады полицияда.

Барлық әйел Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жеке басы тексеріліп, барлық мән-жайлар мен құқыққа қарсы әрекеттің ықтимал ұйымдастырушылары анықталуда.

Тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылданады, деп сендірді Алматы полиция департаментінде.