...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Жамакаев көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Алматыда Жамакаев көшесінің бір бөлігінде жол орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр сағат 6:00-ден 17 мамыр сағат 18:00-ге дейін Әзербаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Жүргізушілерді айналма жолдарды алдын ала жоспарлап, қала бойынша қозғалыс кезінде өзгерістерді ескеруге шақырады.

Дереккөз: Inalmaty.kz