...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы қалалық мәслихатына жаңа депутат сайланды: ол кім?

Алматы қалалық мәслихатының депутаттық корпусында бос орын пайда болды. AMANAT партиясының депутаты Игорь Проценко өз өтініші бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаннан кейін мәслихатқа жаңа депутат сайланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа депутат – Досбол Жілкібаев, қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол 1984 жылғы 27 қыркүйекте Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңтану» және «кеден ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Досбол Жілкібаев 2020 жылдан бері AMANAT партиясының мүшесі. Бұрын Жамбыл облыстық мәслихаты VII шақырылымының депутаты ретінде кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссияда жұмыс істеген. Оның кәсіпкерлік саласында және халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамытуда көпжылдық тәжірибесі бар. «DVERI CITY» дүкендер желісінің негізін қалаушы.

Жаңа депутат қоғамдық және қайырымдылық қызметпен белсенді айналысады. Түрлі жылдары Арыс қаласындағы зардап шеккендерге көмек көрсеткен, пандемия кезінде «Біз біргеміз» акциясына қатысқан, жас спортшыларды, балалар үйлері мен қарттар үйлерін қолдайды. Қоғамдық қызметі мен елдің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мемлекеттік және қоғамдық наградалармен, оның ішінде «Құрмет» орденімен және «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

Бұған дейін депутат Снежанна Имашева Қазақстанда жаңа лауазымға тағайындалғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz