
15 мамыр кешкісін Алматыдағы Бостандық ауданында жеңіл көлік өртенді. Тілсіз жау Тәуелсіздік алаңында шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабар сағат 18:02-де түскен. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде жеңіл көлік ашық жалынмен жанған тұрған. Сөндіруге көбік бергіштер пайдаланылды.
Тез арадағы іс-қимылдың арқасында өрт сағат 18:10-да оқшауланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
ТЖД мамандары жеңіл көліктегі өрттің тез тарайтынын және бар-жоғы 2–3 минут ішінде көлікті толық жойып жіберетінін ескертеді.
Дереккөз: Inalmaty.kz