...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда зейнеткерді ұрып тастады: зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды

Алматыдағы аялдамада 68 жастағы әйелге шабуыл жасалған оқиғадан кейін зардап шеккен адамның денсаулық жағдайы белгілі болды. Ол 23 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқасқа қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілген. Оған бас миының компьютерлік томографиясын қоса алғанда, барлық қажетті тексерулер жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде ми қан айналымының жедел бұзылуы және бас миының шайқалу белгілері анықталмаған. Әйелге жарақаттарды алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіліп, тігістер салынған, ем тағайындалып, ұсыныстар берілген.

Қазіргі уақытта науқас тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға жіберілген. Оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Еске салайық, 23 сәуірде Алматыдағы аялдамалардың бірінде ер адам 68 жастағы әйелге бірнеше рет соққы жасаған. Полиция қылмысты ізін суытпай ашқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Дереккөз: Nur.kz