...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда заңсыз екі қабатты қосымша құрылысты бұзу басталды

Медеу ауданында сот шешімімен Бегалин көшесі, 140 мекенжайындағы тұрғын үйге заңсыз салынған екі қабатты қосымша құрылыс пен үстіңгі қабатты бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі сәулет-жоспарлау тапсырмасын алмай, жобалау құжаттамасын жасатпай, тұрғын үйді қайта құру жұмыстарын жүргізіп, өз бетінше екі қабатты қосымша құрылыс салып, қосымша бөлмелерді үстінен қосқан.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда уәкілетті органның талаптары орындалмағандықтан, басқарма сотқа жүгінген.

Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың заңсыз үстіңгі қабат пен екі қабатты қосымша құрылысты бұзу туралы талабы қанағаттандырылды.

Қазіргі уақытта меншік иесі сот шешімін орындау үшін нысанды ерікті түрде бұзуға кіріскен.

Бұған дейін Алматыда сот шешімдері бойынша бірқатар заңсыз салынған нысандар бұзылған, оның ішінде минимаркет, Сейфуллин даңғылы, 348 мекенжайындағы бес қабатты ғимарат, Дүйсенов көшесіндегі кафеге екі қабатты қосымша құрылыс, Розыбакиев көшесіндегі заңсыз сауда қосымша құрылысы, Циолковский көшесіндегі ірі нысан, Розыбакиев көшесіндегі кафенің заңсыз жазғы террасасы, сондай-ақ Қажымұқан көшесіндегі мейрамхананың террасасы бар.

Жақында «Береке» сауда орны, Гете көшесіндегі кафенің жазғы террасасы, Достық даңғылы, 170/1 мекенжайындағы заңсыз сауда нысандары да бұзылды.

Дереккөз: Inform.kz