...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тұрғын үйге салынған екі қабатты қосымша ғимарат бұзылды

Алматыда сот шешімімен Бегалин көшесі, 140 мекенжайында орналасқан тұрғын үйге салынған екі қабатты қосымша ғимарат бұзылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, меншік иесі сәулет-жоспарлау тапсырмасын алмай және жобалық құжаттама әзірлемей үйді қайта құрып, екі қабатты қосымша ғимарат тұрғызып, қосымша бөлмелер салған.

Анықталған бұзушылықтар үшін иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларды жою туралы нұсқама берілген. Алайда талаптар орындалмаған соң, басқарма сотқа жүгінген.

Медеу аудандық соты талапты қанағаттандырып, заңсыз қосымша ғимарат пен екі қабатты қосымшаны бұзу туралы шешім шығарды.

Қазіргі уақытта меншік иесі сот шешімін орындау үшін нысанды өз күшімен бұзып жатыр.

Дереккөз: Zakon.kz