
Алматыда Жетісу ауданының полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында ойын клубынан заңды өкілдерінсіз кәмелетке толмаған баланы анықтады, , деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, ойын клубына қатысты әкімшілік іс қозғалып, нысан иесіне Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне жіберу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
Сот қаулысымен ойын клубы 129 мың теңге айыппұл төлеп, қызметі 3 айға тоқтатылды.
«Мұндай фактілерге жол берілмейді. Заң барлығына бірдей, әрбір ойын-сауық нысанының иесі кәмелетке толмағандардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Бұл бағыттағы бақылау жүйелі негізде жалғасады», — деді Жетісу ауданы полиция басқармасының бастығы Ильяс Өмірсеріков.
Полиция кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне жібергені үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Дереккөз: Nur.kz