...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ірі тұрғын ауданда газ уақытша өшіріледі

Алматы әкімдігі Медеу ауданындағы бірқатар көшеде газбен жабдықтауды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезең 2026 жылғы 12-16 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көрсетілген кезеңде газбен жабдықтау мына көшелер алабында уақытша тоқтатылады: Көк-Төбе шағын ауданы – Достық даңғылы – Армян көшесі – Тәттімбет көшесі. Жұмыс кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізілуі мүмкін:

  • Ж. Омарова көшесінің Тәттімбет көшесімен қиылысы тұсында;
  • Луганский көшесінің Армян көшесінен әл-Фараби даңғылындағы көпірге дейінгі учаскесінде.

Әкімдік тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.

Дереккөз: Zakon.kz