...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда түнгі клуб жұмысын тоқтатты: полиция рейді кезінде кәмелетке толмаған бала табылды

Алматыда Жетісу ауданының полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз кәмелетке толмаған баланың ойын-сауық мекемесінде болу фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. Мекеме иесіне қатысты кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық нысандарына жіберу тәртібін реттейтін заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Материалдарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган мекеменің қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жетісу ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков мұндай фактілердің жол берілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ойын-сауық мекемелерінің иелері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заңнама талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Полиция профилактикалық жұмыс пен осы бағыттағы бақылауды жалғастыратынын жеткізді.

Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемелеріне жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеміз, — деді полиция өкілдері.

Дереккөз: Inalmaty.kz