Алматы тұрғыны интернетте былапыт сөздері бар видео жариялағаны үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, әдейі былапыт сөздер қолданған. Видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін оның жеке басын полиция қызметкерлері жедел анықтаған.
Бұзушы 36 жастағы алматылық болып шықты. Оған қатысты ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік іс қозғалды.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады, — делінген хабарламада.
Дереккөз: Inalmaty.kz