Алматы полициясы Рысқұлов даңғылында түнгі көше жарысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше көлік жоғары жылдамдықпен қаланың ең көп жүретін магистральдарының бірінде қауіпті жарыс ұйымдастырған.
Патрульдік полиция экипажы бұзушыларды байқап, ақпаратты радиоарқылы берген, содан кейін жақын маңдағы нарядтар ұстауға қосылған.
Нәтижесінде Рысқұлов даңғылының Күдерин көшесінен батысқа қарай бөлігінде полицейлер он көліктен тұратын колоннаны тоқтатқан.
Әрбір жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, оның ішінде авариялық жағдай туғызғаны және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жасалды. Көлік құралдары мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді, — деп хабарлады Алматы ПД.
Полиция көше жарыстары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, мұндай бұзушылықтардың жедел түрде жолы кесілетінін және кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын айтты.
Еске салайық, сот 21 наурызда әл-Фараби даңғылында болған өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шығарған болатын. 32 жастағы кәсіпкер Александр Пак ҚР ҚК 345-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, ең төменгі қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Дереккөз: Inform.kz