...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тауында 2200 метр биіктікте қалған үш турист құтқарылды

Алматыда құтқарушылар таудан өздігінен түсе алмай қалған үш туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында үш жас туристің Көкжайлау шатқалы ауданында теңіз деңгейінен шамамен 2 200 метр биіктікте қалып қойғаны хабарланды. Оларға көмекке Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің «Бутаковка» бақылау-құтқару бекетінің қызметкерлері шықты.

«Көрсетілген ауданға келіп, құтқарушылар туристерді жедел тауып, олардың жағдайын бағалап, тау маршруты бойынша қауіпсіз түсуді ұйымдастырды. Құтқару операциясы аяқталған соң үшеуі де қауіпсіз жерге жеткізілді», — деп нақтылады ТЖМ.

Министрліктің мәліметінше, туристер медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Дереккөз: Nur.kz