ТОО «Алматы жылу желілері» мамандары алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алатау ауданында 1988 жылы пайдалануға берілген шамамен 483 метр жылу трассасын ауыстыратынын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты 2026 жылғы 8 шілдеден бастап жылу желілерін қайта жаңарту кезінде Немирович-Данченко көшесінің батыс жағында – Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Автокөліктер үшін қозғалыс Немирович-Данченко көшесінің шығыс жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Мамандардың айтуынша, шектеу көше жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыр учаскесін қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Фото: ТОО «Алматы жылу желілері»
Бұған дейін Астанада Сауран көшесінің бойымен өтетін жол бір айға жабылғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz