
Алматы қаласының Құтқару қызметі Түрген аэродромы маңындағы орманды жерге қатты қонған Ан-2 ұшағын тасымалдау операциясын жүргізді. Әуе кемесін эвакуациялау үшін Ми-8АМТ тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Құтқару қызметінің мәліметінше, әуе кемесі өздігінен көтеріле алмағандықтан, оны эвакуациялауға Ми-8АМТ тікұшағы тартылған. Операция барысында ұшақ тікұшақтың сыртқы ілмегіне көтеріліп, Түрген аэродромына жеткізілді. Жұмыстар штаттық режимде өтті.
Құтқару қызметінің дерегінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өлім-жітім де жоқ.
Ведомство мәлімдегендей, тапсырманың сәтті орындалуы экипаждың кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.
Дереккөз: Inalmaty.kz