Алматыда 20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Мұратбаев пен Күрмет көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған көшелердің учаскелерінде жолдың орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты келесі бағыттар бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізіледі:
- Мұратбаев көшесінде Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі учаске;
- Күрмет көшесінде Достық даңғылынан тұйыққа дейінгі учаске.
Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады. Алдын ала өз жолыңызды жоспарлауды сұраймыз, — деп ескертті қала тұрғындары мен қонақтарына.
Бұған қоса, Жандосов көшесінде 19 тамыздан 23 тамызға дейін көлік қозғалысы ішінара шектелетіні бұған дейін хабарланған.
