...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Снегина көшесінің бір бөлігі құбыр ауыстыруға байланысты толық жабылады

Алматыда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты келесі аптадан бастап Снегина көшесінің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 13 шілдеден бастап Самал-2 шағын ауданындағы Снегина көшесінің Мендіқұлов бульвары мен Достық даңғылы аралығындағы учаскеде көлік қозғалысы шектеледі. Онда 1989 жылы пайдалануға берілген шамамен 350 метр жылу трассасы ауыстырылады.

«Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін кезеңде тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау сақталады. Шектеу көше жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыр учаскесін жоспарлы қайта жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі», — делінген хабарламада.

Алматылықтарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.

Дереккөз: Nur.kz