...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда шыбын-шіркейдің көп болу себебі анықталды

Алматы тұрғындары биыл қалада шыбын-шіркейдің көптігіне шағымданып жүр. Әкімдік мамандар зиянкестердің пайда болу себебін анықтағанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, себепті анықтаумен Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысқан.

«Алматыда шыбын-шіркейдің жаппай пайда болуы биылғы мамырдағы мол жауын-шашынға және ауа температурасының көтерілуіне байланысты, бұл өсімдіктердің тез өсуіне және көгалдардың қаулап өсуіне ықпал етті. Осы қолайлы климаттық, гидрологиялық және биологиялық факторлардың жиынтығы жәндіктердің дернәсілдік сатысының дамуына айтарлықтай әсер етті», — деп түсіндірді институтта.

Сонымен қатар, санитарлық-энтомологиялық мониторинг нәтижелері бойынша рұқсат етілген препараттарды қолдана отырып, дезинсекциялық іс-шаралар белгіленген.

Бұған дейін алматылықтар бірнеше күн бойы қалада шыбын-шіркейдің көптігіне шағымданған. Threads әлеуметтік желісінде «көшеде жүру мүмкін емес», «бетіңе ұшып, мұрын мен көзге кіреді», «серуендеу сынаққа айналды» деп жазған.

Дереккөз: Nur.kz