...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 22-24 мамырда қатты жауын: тауға шығуға болмайды

Алматы тұрғындары мен қонақтарына алдағы күндері тауға шығудан бас тартуға, ал жеке үй иелеріне қатты жауынға дайындалуға кеңес берілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сүйеніп, тұрғындарға үндеу жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, 22-24 мамыр аралығында Алматы қаласының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ іргелес аумақтарда қатты жауын-шашын күтіледі. Беткейлік ағын пайда болып, өзендерде су деңгейінің көтерілуі ықтимал.

«Жекелеген учаскелердің су басуы және жайылуы мүмкін», — делінген синоптиктер хабарламасында.

Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады:

  • жеке үй иелеріне нөсер кәрізі мен басқа да дренаж жүйелерін жаңбыр суын бұруға алдын ала дайындау қажет;
  • туристер мен тұрғындарға қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты алдағы күндері тауға шығуды болдырмау ұсынылады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек.

Дереккөз: Nur.kz