Наурызбай ауданында сел қаупіне байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өзен арнасы бойында тұратын тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін алдын ала эвакуация жүргізілуде. Олар уақытша аудан мектептерінде орналастырылған қабылдау пункттеріне жеткізіледі.
«Сел қаупі бар жағдайға байланысты Алматы қаласы Наурызбай ауданында өзен арнасы бойында тұратын тұрғындардың алдын ала эвакуациясы жүргізілуде. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар уақытша аудан мектептерінің базасында орналастырылған халықты қабылдау пункттеріне орналастырылады», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Жедел штаб жұмыс істеп, азаматтық қорғау қызметтері тартылған. 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі ашылған. Барлық іс-шаралар жоспарлы режимде өтіп, жағдай бақылауда.
Дереккөз: Nur.kz